КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Директордың блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.03.2018

2018 жылдың ақпанның 23 мен 25 аралығында Мәскеуде «Звездная» қонақ үйінде үшінші ашық Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  екі бағыт бойынша «Ресей-Қазақстан:  Шексіз Ғылым» (қатысушылар

- оқушылар, ұстаздар, жас ғалымдар) және педагогтар үшін «Жаңа технологиялар және педагогикалық практика» - өтті.

Конференцияның негізгі ұйымдастырушылары - Халықаралық экология, инженер және педагогика академиясы (MAEIiP) және Халықаралық экология және адам қауіпсіздігі ғылымдары академиясы (Ресей Федерациясы).

Халықаралық ғылыми форумның жұмысына № 2 орта мектебінің оқушылары: Чернышева Изабелла, Ласкавая Карина, Жантын Досхан (11 сынып), Әділханов Саят (7 лицей сыныбы) және ұстаздар: Абдыкасимова Гульнара

Жантыновна және Есмагулова Райгүл Абайқызы қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша барлық  оқушылар жеңімпаз атанды. Жобалар Ласкавая Карина, (химия және биология бөлімі, жетекшісі - Ольга Чернышова) және Жантын Досхан (әлеуметтану бөлімі, жетекшісі - Гульнара Жантыновна Абдыкасимова) - бірінші дәрежелі диплом белгіленген; Саят Әділханова (бөлім экономика, жетекшісі -

Гульнара Жантыновна Абдыкасимова) - екінші дәрежелі диплом. Жоба Чернышова Изабелла (экологиялық бөлім жетекшісі - Kүлшара Сүлейменқызы Тасмағамбетова) үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық конференцияға қатысушы оқушылар естелік медальдарын алды.

Р.А. Есмагулова және Абдыкасымова Г.Ж. баяндамалары  конференцияның  жеңімпазы  дипломымен белгіленген.

Мәскеуде №2 мектеп-лицейінің  директоры  және жоғары санатты математика мұғалімі Абдыкасымова Гүлнар халықаралық қоғамдық білім сыйлығының  Ян Амос Коменский  медалімен  марапатталды. Ұстаздың шотында - жеті ұлттық және екі халықаралық  ғылыми жобаларда жүлделі орындар, көптеген жобалар ұлттық және халықаралық әдістемелік басылымдарда  жарияланған. Атап айтса, осы  оқу жылында, №2 ОМЛ  3-11 сынып оқушылары 20 жобаны Астана және Ақтөбе қалаларында ұлттық ҒПК ХӘИПҒА (Халықаралық экология, инженерия  және 

педагогика  ғылымдар академиясы) жүлделі орындарға ие болған.

№ 2 мектеп-лицейінің  оқушыларымен бірге мектеп-лицей түлегі - Л.Гумилев атындағы  ЕҰУ магистранты

Жақимов Мерей болды. Экология бойынша оның жобасы конференцияда үздік деп танылды және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сапар барысында оқушылар мен олардың ұстаздары Мәскеудің көрікті жерлерімен танысты: олар Қызыл алаңда, Воробьевский тауы, Мәскеу-Сити ауданы, Останкино мұнарасы, ВДНХ-дағы мұз айдыны, Кеңес Армиясы мен

Әскери-теңіз күштерінің 100 жылдығына арналған мерекелік салтанатты көрермен болды.

Жол жүріп, келген күні оқушылар мен олардың ұстаздарын Көкшетау   теміржол  вокзалында сыныптастары, әріптестері және ата-аналары  гүл шоқтарымен, шарлармен қарсалды .

Сапардың демеушілеріне - қалалық білім беру бөліміне, ИП «Сильченко Н.В.», Эверест спорт клубына, сондай-ақ оқушыладың ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

 

Просмотров: 555


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст