06.03.2018 жылы Көкшетау қ. білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің қатысуымен көктемгі балы өтті. Біздің
мектеп-лицейі атынан директор Абдыкасымова Гульнара, іс-шара жүргізушісі–Ержанов Асхат, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Иса Тимур және информатика мұғалімі Қазбекова Перизат қатысты.
07.03.2018 жылы ОМК №2 Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерті өтті. Педагогикалық еңбек ардагері, бастауыш сынып мұғалімі мерейтой иесіне Ракишева Ғалия Сейтказиевнаға іс-шара барысында құрмет көрсетілді, Республикалық және Халықаралық ғылыми конференциялар мен олимпиадалар жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге, Халықаралық педагогика және иновациялық технологиялар ғылым академиясының (ХПИТҒА) грамоталарымен марапатталды. Мереке қарсаңында қамқоршылық кеңесінің атынан (төрағасы – Шоқан Ильясов) мектеп-лицейіне түрлі-түсті принтер сыйлады.
Мектептің ер азаматтары әріптес-әйелдерге құттықтау сөздер және ән мен өлеңдер арнады. Мектеп оқушылары мен ұстаздар және Ақан Сері атындағы мәдениет колледжінің практиканттары жарқын классикалық музыкалық нөмірлер, танымал эстрадалық әндер, бишілер мен мәнерлеп оқу, жас гимнастшылардың қатысуымен барлық қатысушыларға ұмытылмас концерт сыйлады.