«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

2024 жылғы 31 қаңтарда Көкшетау қаласының № 2 МЛ-нің базасында 9-сынып оқушыларына Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледждің өкілі Жұманов Ренат Жанатұлымен кездесу өткізді.

2024 жылғы 31 қаңтарда Көкшетау қаласының № 2 МЛ-нің базасында 9-сынып оқушыларына Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледждің өкілі Жұманов Ренат Жанатұлымен кездесу өткізді.

         Ренат Жұманұлы колледжге 4 мамандық, 7 біліктілік бойынша түсуге болатындығы туралы ақпарат берді. Оқу орнымызда қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімі,орыс тілі мен əдебиеті мұғалімі, шет тілі мұғалімі, бастауыш жəне негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі, бухгалтер және ақпараттық жүйелер технигі мамандықтары бойынша білім береді. Оқыту күндізгі бөлімде қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, ол кәсіби  тәжірибе педагогикалық мамандықтар үшін қала мектептерінде,есеп және аудит мамандықтары Jusan Bank, Eurasian Bank базаларында, бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері  Болашақ сарайы, «Қазақтелеком» АҚ базаларында тәжірибеден өтеді. Тәрбие берудің бірегей жүйесі ретінде студенттерге арналған секциялар мен үйірмелер бар. Хореография сабақтары, КТК, дебат т.б. зияткерлік клубтар жұмыс атқарады.Оқушылар колледжде оқу бойынша сұрақтар қойды. Қызметкерлер таныстыру үшін жадынама таратты.

 

Педагог-кәсіби бағдар беруші

Басболатова А. Р.

Жаңартылған күні: 01.02.2024 15:32
Құрылған күні: 01.02.2024 15:32

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст