Ұйымдар тізімі
"Адал Азамат" бағдарламасы аясында "Еңбек адал – жас өрен" жобасын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 05 Ақпанда "Профбилдинг" мектеп оқушыларының активі 9-сынып оқушылары үшін "Түлектер күні" кәсіптік бағдарлау іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараға Көкшетау қаласының №2 МЛ-нің түлектері шақырылды. Олар Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 3 курс студенттері Долгова Елизавета, Лещук Ан, "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығы бойынша 3 курс студенттері Замятина Виктория, Быстрицкая Милана және "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 2 курс студенттері "Гришаков Вадим, Шарипов Тимур.
Іс-шараның жүргізушілері Влад Степаненко мен Сейілхан Нұрдана қонақтарға сұрақтар қойды.
Диалогта студенттер неліктен осы мамандық пен колледжді таңдағанын, оқуға түсу шарттары және колледжде оқу өмірі қызықты және қөңілді туралы айтып берді. Оқушылардың назарын жақсы оқу, өзін — өзі тәрбиелеу және мақсаттылық колледжге және жоғары оқу орнына табысты түсудің маңызды факторлары екендігіне аударды.
Колледж студенттері мен оқытушылары құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін кию кезінде мастер – класс өткізді.
Қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап берді, жаңа саладағы жетістіктерімен бөлісті, мектепте оқуға байыпты қарауға және өз мамандығын таңдауға алдын-ала дайындалуға кеңес берді.
Іс-шара қызықты және танымдық өтті.






Ағымдағы жылдың ақпан айында №2...