"Абай Құнанбаев" медалімен марапатталды
Көкшетау қаласының №2 орта мектеп лицейімен Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытылатын кәсіби мектеп-гимназиясы бірлескен «Ұлы дала түркі әлемінің бесігі» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті.
Мақсаты : Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағына жеті кереметін таныстыру.
Оқушылар мақаланың «Ұлы даланың ұлы есімдері» бөліміне тоқталып №2 орта мектеп лицейінің оқушылары X-XI ғғ. өмір сүрген ғалымдар Әл Фараби, Қожа Ахмет Яссауий, Махмуд Қашқари , қазақ халқының зиялылары , саяси қуғын- сүргін құрбандары С.Садуақасов , Қ.Кеменгеров, Ж.Ақбаевтың өмірбаяндары мен еңбектеріне тоқталып , презентациялар көрсетілді.
Мәлік Ғабдулин атындағы №3 көптілде оқытылатын кәсіби мектеп-гимназиясы оқушылары Керей хан, Бұхар жырау, Үмбетей жырау , К,Қасымұлы , Ақан сері , С.Жүнісов сияқты тарихи тұлғалардың Ұлы даланың тарихындағы рөлін атап өтті.
Іс шараны ұйымдастырушылар: Көкшетау қаласының №2 орта мектеп лицейінің тарих пәні мұғалімдері Абдрахманова С.У. , Өмірбек Г.К.
Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытылатын кәсіби мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Серикбаев С.К.