Дебаттық шеберлік

021 жылдың наурыз айынан бастап, Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде дебаттық пікірталас қозғалысы белсенді дамуда. Дебаттық шеберлікке 6-10 сынып оқушылары қатысады. Мектептің «Жігер» атты дебат клубының жетекшісі, экономика пәнінің мұғалімі М.К. Кенжебаев болып табылады.  Мектепте қазақ, орыс, ағылшын лигалары құрылды. Балалармен аптасына екі рет тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Қаланың дебат клубтармен ынтымақтастық жолға қойылды, атап айтқанда, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі, Ш.Уалиханов атындағы университеті. Аталған оқу орындарының студенттері біздің оқушылармен өз білімдерімен бөлісіп, оларға көрсетілім ұйымдастырады. 
ҚР білім министрінің айтуы бойынша, дебаттар – тек қана зияткерлік рөлдік ойын ғана емес, бұл нағыз білім беру технологиясы болып табылады. Дебат қатысушылары популистік идеялар, өз ұстанымын дәлелдеу қабілетін қалыптастырады. 
Одан басқа, бұл балаларды жақындастырып олардың отбасылық мәртебесіне қарамастан сәтті болуға мүмкіндік береді. Өйткені, өзінің ұстанымы дәлелді болу үшін көп оқу, қарым-қатынас дағдыларын дамыту керек. 
Айя Калиева,
10 сынып оқушысы,
№2 МЛ «Жігер» дебат клубының президенті 
                                                 #дебаттар#