Текст
"Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасын іске асыру шеңберінде және мектеп жоспарына сәйкес 23 ақпан күні "Ең көп оқитын отбасы" байқауы өтті. Салтанат залы ата-аналар мен балалардың бірлескен мерекесіне жиналды. Қатысушылар байқаудың барлық кезеңдеріне шығармашылықпен қарады: отбасылық дәстүрлері мен хоббилері туралы әңгімеледі, сүйікті ертегілер мен шығармалардың мазмұнын еске түсірді, сүйікті кейіпкерлерін сахналады. Байқау барлығын бір үлкен, тату, шығармашыл және оқырман отбасына айналдырды. Жеңімпаздар жергілікті жазушы С. Жетпісқалиевтің грамоталарымен және кітаптарымен марапатталды. Сынып жетекшілері К.Е. Нұрғалиеваға(2е, 3б ), Н.Л. Кашуринаға(2ж), Б. М. Мазбаеваға( 5ж) алғысымызды білдіреміз.