"Еңбек адал – жас өрен" жобасы аясында Көкшетау қаласының № 2 мектеп – лицейінде 9,10,11 сынып оқушыларына арналған "жаңа кәсіптер атласы" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде келесі сұрақтар талқыланды:
Мамандықтар дегеніміз не? Оқушылар жаңа мамандықтар атласы туралы естіді ме? Неге мамандықты саналы түрде таңдау маңызды? Сонымен қатар Мамандық таңдау жолдары.
Химия – биология, физика – география бағыты бойынша жаңа мамандықтармен, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстырды. Оқушыларға жаңа мамандықтар бойынша QR ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында "Мүдделер картасы" ойыны өткізілді. Іс-шараға қатысушылар қандай қызмет салалары оларға көбірек қызығушылық танытатынын анықтады.
Дөңгелек үстел қызықты әрі танымды өтті.