"Менің болашақ мамандығым" эссе байқауының қорытындысы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы және "Еңбек адал жас өрен" жобасы шеңберінде 2024 жылғы 04 қарашадан 17 қарашаға дейін Көкшетау қаласындағы № 2 мектеп – лицейінде Профбилдинг мектептің кәсіптік бағдар беру оқушы активімен 9-11 сынып оқушылары арасында "Менің болашақ мамандығым" эссе конкурсы ұйымдастырылды және өткізілді.
Конкурс эссе қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілді. Байқау қазылар алқасының құрамына мектеп педагогтары кірді. Оқушылардың эсселері келесі критерийлер негізінде бағаланды: конкурс тақырыбына сәйкестігі, шығармашылық және өзіндік ерекшелігі, плагиатқа қатысуы, шығармашылық жаңалығы. 22 қарашада байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарын марапаттауды мектептің кәсіби бағдаршысы А. Р. Басболатова өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен 9 "А" сынып оқушылары Сапарбек Милана, 9 "Ә" сынып оқушылары Абдықадыр Сания, 10 "А" сынып оқушылары Кувашева Жанбота марапатталды. Екінші дәрежелі дипломмен 9 "А" сынып оқушылары Сағандықова Нұрдина, 9 "Ә" сынып оқушылары Әбдіқадыр Дания, 9 "Д" сынып оқушылары Мырзабаева Таира, 10 "А" сынып оқушылары Мұстафа Насмин, 11 "Б" сынып оқушылары Грабовская Ульяна марапатталды. Үшінші дәрежелі дипломмен 10 "А" сынып оқушылары Бейсекеева Аяжан, 9 "Л" сынып оқушылары Шағатова Алина, 10 "А" сынып оқушылары Қайырлы Назерке марапатталды. Жүлделі орындарға ие болмаған барлық қатысушылар конкурстың Ұйымдастыру комитетінен қатысқаны үшін сертификаттар алды.
Құттықтау сөзімен директордың оқу іс жөніндегі орынбасары Г. А. Искендир және география пәнінің мұғалімі А. К. Купеева сөз сөйледі.
Іс-шара 5 "А" сынып оқушысы Жұманазар Нұралидің "Өнерге ғашық боламын"әнімен аяқтады.