2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

ҚР Білім және ғылым Минитрлігінің 2019 жылғы 1 ақпандағы №53 бұйрығы, Ақмола облысы білім басқармасының 2019 жылғы 11 ақпандағы №35 бұйрығы, Көкшетау қалалық білім бөлімінің 2019 жылы 14  ақпандағы №56 бұйрығы негізінде 2018-2019 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Оқу жылын аяқтаудың  келесідей мерзімдері белгіленсін:
  1. барлық түрлеріндегі жалпы білім беретін күндізгі   оқу орындарындағы мектепалды, 1-11 (12)-сыныптарда оқу сабақтары 2019 жылғы 25 мамырда;
  2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 9 (10)- сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары

-        2019 жылғы 27 мамыр - 06 маусым аралығында,

жалпы орта білім берудің білім беру оқу бағдарламасын меңгерген    11 (12)- сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары

-         2019 жылғы 28 мамыр – 30 маусым аралығында;

      2. 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) таңдау пәні бойынша ауызша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) –2019 жылғы 27 мамыр;

2) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша ауызша емтихан – 2019 жылғы 30 мамыр;

 3) ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан- (гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін шығарма, қалғандары үшін - диктант) – 2019 жылғы 3 маусым;

4)математика бойынша жазбаша емтихан –2019 жылғы 6 маусым.

11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) -    2019 жылғы 28 мамыр;

2) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүние жүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдірі) информатика) – 2019 жылғы 31 мамыр;

3) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу –2019 жылғы 31 мамыр;

4) алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан -               2019 жылғы 4 маусым;

5) Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан – 2019 жылғы 7 маусым.

3. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау 2019 жылғы 10-30 маусым аралығында өткізіледі.

4. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың директорлары:

        1) 2018 - 2019 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, «Білім

алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде       № 5191 болып тіркелген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды  аралық  және  қорытынды аттестаттау жүргізудің Үлгі ережесіне сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін;

        2) 2018-2019 оқу жылының аяқталуы туралы құжаттары келесі кестеге

сәйкес тапсырылсын (1- қосымша).

3) 2018-2019 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында іс-шаралар

жоспары бекітілсін (2 -қосымша).

         4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың ОТЖ орынбасарлары Б.К. Шахметова, А.К.Жуманова, Ж.И. Абылхаева,Б.И. Кумароваға жүктелсін.