Ұйымдар тізімі
Болашақты саналы таңдау: JobStep жобасы іс жүзінде
Мектеп оқушыларының болашақ мамандықтарға бейімділігін анықтап, оларға дұрыс әрі саналы кәсіби бағдар беру мақсатында 2026 жылы 4 наурыз күні «JobStep» жобасы аясында Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицей-дің 9-сынып оқушылары Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы көпсалалы инновациялық колледж-інде болып қайтты.
Жоба аясында оқушылар үшін бірқатар мамандықтар бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» бағыттары бойынша тәжірибелік таныстырылымдар өтті.
Шеберлік сабақтары барысында оқушылар мамандықтардың қыр-сырымен танысып, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ерекшеліктерін көрді. Бұл шара жасөспірімдердің өз қызығушылықтарын айқындап, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына мүмкіндік берді.






1-сыныпқа құжат қабылдау туралы...