Ұйымдар тізімі
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі
2026 жылғы 14 сәуірде Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінде
11-сынып оқушыларына арналған А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шараға биология ғылымдарының кандидаты, профессор Макеева Л. А., биология ғылымдарының кандидаты Жабаева М. У., жаратылыстану ғылымдарының магистрі Умбетова А. К. қатысты.
Кездесу барысында университет мамандары оқушыларға білім беру бағыттары, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және қазіргі замандағы экологиялық мамандықтардың маңыздылығы туралы айтып берді. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі мамандардың рөліне ерекше назар аударылды.
Оқушылар оқуға түсу шарттары, студенттік өмір туралы толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет өкілдерінен жан-жақты жауап алды.
Осындай кездесулер болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етіп, оқушылардың жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтеді.





«Ғылым айы» бағдарламасы аясында...