2025 жылғы 07 ақпанда "Еңбек адал – жас өрен" жобасы аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ҮАҚ жоғары медицина мектебінің базасында химия-биология бағыты бойынша 11 – сынып оқушыларына арналған "Жоғары медицина мектебінің симуляциялық орталығымен таныстыру"тақырыбында семинар өтті.
Семинарға медицина мектебінде симуляциялық оқыту технологиясы бойынша шеберлік сыныптары мен практикум кірді.
Семинарды аша отырып, кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Б. Б. Жангалов мұндай семинарлар тек мамандық таңдау үшін ғана емес, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын игеру үшін де қызмет ететінін атап өтті.
Семинардың теориялық бөлімінде 3 курс студенті А. С. Лошкарев "Шұғыл жағдайларда жүрек-өкпе реанимациясы" тақырыбы бойынша сөз сөйледі, 3 курс студенті Д. Ж. Құсайынова оқушыларды "Дәрілік заттардың көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне инъекциясы" тақырыбымен таныстырды.
Симуляциялық орталықтың меңгерушісі А. А. Шайзадаева практикалық бөлім өткізді, онда оқушылар алған теориялық білімдерін арнайы жабдықталған симуляциялық кабинеттерде тәжірибеде қолданды.
Оқытушылар мен студенттер оқушыларға мектеп түлектері түсе алатын мамандықтар туралы айтып берді.
Семинар қызықты әрі танымды өтті.