Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберіндегіжелілік өзара іс қимыл кәсіби білім беру ұйымымен мектептің бірлескен жұмысының жаңаформаты ретінде
Көкшетау қаласы № 2 "Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы""Мектеп-лицей" КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын іске асыру мақсатында, құрылыс – технологиялық колледжі" МКҚК-мен әлеуметтік әріптестік жүзеге асырылуда, "Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберіндегі желілік өзара іс-қимыл кәсіптік білім беру ұйымы мен мектептің бірлескен жұмысының жаңа форматы ретінде" тақырыбы бойынша 7 сынып оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша білім беру жобасы құрылды. Жоба 2023-2026 жылдар аралығында үш жыл бойы сынақтан өтеді.
Жоба белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге, жасөспірімдердің әлеуметтенуі үшін жағдай жасауға, Көкшетау қаласында талап етілетін кәсіптердің мәртебесін арттыруға және қала кәсіпорындарының кадрлық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесетін болады.
Жобаға қатысу нәтижесінде оқушылар өздерінің болашақ білімі мен мансаптық жолын саналы түрде таңдай алады, сондай-ақ көркем шығармашылық саласында құнды тәжірибе мен білім алады.
Жоба оқушылардың бастапқы дағдыларды алуға және ағаштан, былғарыдан, жүннен көркем бұйымдар жасау, әрлеу жұмыстарын жасаушылар, электр газбен дәнекерлеушілер, кондитер-дизайнерлер, электронды және цифрлық техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі механик және т. б. мамандықтармен танысуға мүмкіндік береді.
Кіші топтар бойынша 7-сынып оқушылары әртүрлі мамандықтар бойынша практикалық сабақтарға қатысады. Оқушылар біздің қаламыздың, Облыстың еңбек нарығында кәсіптердің сұранысына бағдарлана отырып, кәсіби сынамалардан өтеді.
Педагог – кәсіби бағдар беруші
Басболатова А. Р.
Көркем еңбек мұғалімі
Батракова Л. И.
Батракова Л.И.