Мақалалар

Біздің жетістіктеріміз

Көктемнің алғашқы айы Көкшетау қаласындағы №2орта мектеп-лицейі үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының бастауыш тобының бастамасыменмектеп-лицейінің жаңа ғимаратында «Мұғалім - мектеп жүрегі» галереясы салтанатты түрде ашылды. Жиырма сегіз мұғалім портреттерінің көрмесі мектеп қабырғасын әсемдеп қана қоймай, мұғалім мәртебесінің дәрежесін қалыптастыруға нақты үлесін қосты. Құрмет тақтасы деп атауға болатын экспозицияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары,түрлі қоғамдық ұйымдардың төсбелгілерімен марапатталған,сондай-ақ он жылдан астам уақытын өзінің сүйікті ісіне - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған мұғалімдердің суреттері енген. Олар - Ахметзянова Минзифа, Рахишева Галия, Тлеужанова Чайзат, Оразалина Жанна, Бектемирова Куралай, Абдрахманова Сауле,  Левицкая Ольга және Лариса, Абылхаева Жанна, Шахметова Бибигуль, Драшко Татьяна және т.б.

Біздің ұжым үшін тағы бір маңызды оқиға оқушылармен олардың оқытушыларының Мәскеу қаласындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға іс-сапары болды. Осы шараның ұйымдастырушысы «Халықаралық экология, инженерия және педагогика академиясы» қоғамдық қоры болды. Бұл ұйыммен №2 орта мектеп-лицейін үш жылдық серіктестік байланыстырады және тиісті меморандумға қол қойылған. Конференция нәтижелері бойынша барлығы бес оқушы - Жузбаева Румина, Сидоренко Никита, Калиева Айя, Шкрябина Анастасия және Серик Айлана, сонымен қатар жоба жетекшілері - Есмагулова Райгуль, Алимов Марат, Акжигитова Динара, Абдыкасымова Гульнар және Ибраева Ляззат бірінші және екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оқушылар ғылыми жобаларын Ломоносов атындағы ММУ технопаркінде қорғады, ал оқытушылар болса«Звездная»  қонақ үйінің мәжіліс залында тәжірибе алмасты.

Конференцияны ұйымдастырушылар бағдарламаға Мәскеу қаласына саяхаттауды да ұйымдастырды. Барлық қатысушылар Мәскеудегі Қызыл алаңға, Мәскеу қаласына және Торғай тауына барғанын еске алады.  

№2 мектеп-лицейі басшылығының бастамасымен Чистопрудный бульварындағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Балалар ескерткіш алдында ұлы ақынның өлеңдерін оқыды. Мәскеудегі конференцияның салтанатты жабылуында «ХЭИжПҒА» ҚҚ төрағасы Талғат Төремұратов биылғы қаңтар-ақпан айында «Үздік сынып» республикалық интернет байқауының нәтижесі бойынша 9 «Г» сынып өкілдеріне сыйлыққа ноутбук табыстады.

Екі күннен кейін, 11 наурызда, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында «ХЭИжПҒА» Қоғамдық қордың ұйымдастыруымен әйел мұғалімдерінің республикалық форумы өтті. Оған №2 орта мектеп-лицейінің мұғалімдері қатысты – Гульнар Абдыкасымова, Халида Айтпаева, Алтыншаш Жуманова, Саулеш Рустимова және Кульшара Тасмагамбетова. Мұғалімдер «Дарын» РҒПО грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Мектеп-лицейінің директорыАбдыкасымова Гульнар форумда  «Рухани-адамгершілік тәрбие тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Шараға ұстаз Асхат Ержанов жүргізуші рөлінде қатысты.

 

 

 

№2 орта мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

 Курманова Камар Нурмухамбеткызы