«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі Көкшетау қаласының № 2 МЛ-де қонақта

2023 жылдың 3 наурызында Көкшетау қаласының № 2 мектеп – лицейінде 9 –сынып оқушыларына арналған Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің өкілдері "Қобыз"сыныбы бойынша оқытушымен және Музыкалық пәндер ӨК дирижері, Н. Б. Нурмышевамен, Музыкалық пәндер ӨК меңгерушісі, оркестр дирижері Ф. А. Омаровамен, колледж оқытушысы, режиссері Г. Л. Кочетова, сондай-ақ колледж студенттерімен кездесу өтті.
Сондай-ақ, колледж студенттері сценарий шеберлігі, режиссура, дизайн өнері көріністерін көрсетті. №2 мектеп оқушыларының алдында Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары шырқалды:  
- "Аңсау" күй-дастан, дирижер Аманғали Ілияс, 2 курс студенті. - Құрманғазы" Балбырауын", күй , дирижер Омарова П. А. 
Соңында вокалдық-аспаптық ансамбль өнер көрсетті.
Колледж келесі бағыттар бойынша мамандар дайындайды: 
-әлеуметтік-мәдени қызмет (мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушы, оқытушы); 
- театр ұжымының ұйымдастырушысы, оқытушы); - халық көркем шығармашылығы (көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы; 
- халық аспаптары көркемөнерпаздар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі, оқытушы), 
- актерлік өнер,
 - интерьер дизайны және киім дизайны. 
Іс-шара жоғары деңгейде, қызықты және танымды өтті.


Педагог – кәсіби бағдар беруші 
Басболатова А. Р.

Жаңартылған күні: 07.03.2023 00:30
Құрылған күні: 07.03.2023 00:30

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст