16 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Qazaq tili Legasy" аймақтық ғылыми-практикалық семинары өтті. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін көрме ұйымдастырылды. Аталмыш семинарға №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курманаева Алтыншаш Жанарбековна қатысып, өзінің "Қазақ фэнтезиінің поэтикасы мен кейіпкерлер типологиясы" атты монографиясы мен "Мемлекеттік тілде оқытылмайтын бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін креативті оқыту технологиясы" ғылыми-жобасын семинар қатысушыларына кеңірек таныстырып шықты. Сонымен қатар, Алтыншаш Жанарбековна №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен оқушыларының қазақ тілі пәні саласында жеткен жетістіктерін ерекше атап өтіп, оқытудың инновациялық әдіс- тәсілдерімен бөлісті. Іс-шараға қатысушы мұғалімдер монографияға асқан қызығушылық танытып, жас ұстазға және №2 мектеп-лицейі ұстаздарына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.