Текст
Ұйымдар тізімі
29.11.2025
2025 жылдың 28 қарашасында Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында «Курстан кейінгі сүйемелдеу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» облыстық педагогикалық КЕЙС-МАРАФОНЫ өтті. Аталған іс-шараға №2 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлден Бүркітқызы Қабдрахманова «Бастауыш мектепте цифрлық платформалар мен AI пайдалану: мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында оқыту әдістерін, цифрлық білім беру ресурстарын және AI элементтерін қамтитын кейс-стади ұсынды. Нәтижесінде Гүлден Бүркітқызы кәсіби тәжірибе алмасуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.


