2021 жылы 15 қазан күні сағат «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Көкшетау қаласы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драмтеатрында «Дәстүр заман ағымында» атты мектепішілік ұлттық киім-кишек сайысы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты - қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен төл мәдениетінің көрінісіне айналған және ежелгі адамдардың қалыптасуының барлық ерекшеліктерін бойына сіңірген қазақтың ұлттық киімін насихаттау. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Әр қатысушы өзінің жасаған ұлттық киімдеріне ат қойып, ұлттық нақыштағы әшекейлерді ұсынды. Дәстүрлі ұлттық костюм бүгінде танымалдылығын жоғалтқан жоқ, жарқын түстермен, тартымды декормен және лаконикалық кесумен назар аудартты. Байқауға қатысушылар өздерінің ұлттық костюмі туралы айтып, заманауи стильдегі киім- кешектерін қазақы ою-өрнектермен кестелеу барысын көрсетіп, сонымен қатар түрлі өнерлерімен қазылар алқасын және көрермендерді қуантты.Барлық қатысушылар өз шеберліктерін, шығармашылықтарын көрсетті. Құзыретті қазылар алқасы барлық қатысушылардың өнерін бағалады.Сайыстың қорытындысы бойынша ГРАН-ПРИ иегері 9 сынып оқушысы Сагит Жансұлу , 1 орынды 9 сынып оқушысы Апеисова Меруерт, 2 орынды 8 сынып оқушысы Мұхамедрахим Камила , 3 орынды 10 сынып оқушысы Дузбаева Амина жеңіп, қалған қатысушылар əртүрлі номинацияларға ие болып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды .Байқау «Қадір таңы» спектаклінің көрсетілімімен аяқталады.