26 қаңтар 2019 ж.№2 орта мектеп-лицейінің мәжіліс залында мектепішілік «Шешендік өнер» сайысы өтті. Әділқазы мүшелері: Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы КииковаЗ, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының бас мамандары М.Сембі және Д.Айбашпанов, мектеп-лицейінің Әкелер кеңесі мүшесі Н.Кенжетаев, Көкшетау қ. "I-Bridge" Тілдер мектебінің өкілі К.Ермамадова 8-11-сынып арасынан14 оқушы қатысып,өздерінің сөздерін үш тілде айтты. Олардың қозғаған өзекті тақырыбының бірі– адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде. Жүлделі орындарға А.Аубакирова, Р.Курмантаева, А.Абу, Н.Шерехан, А.Коспанова иеленді.