Мектептегі музейлік апта Көкшетау қаласының тарихы музейімен жыл сайын музей апталығын өткізу дәстүрге айналған. Балаларды қолдау жылына орай биылғы музейлік апта бүгін, 25 сәуір қаламыздың №2 мектеп-лицейінде басталды. «Мектептегі музейлік апта» акциясы аясында оқушылар «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты фотокөрме арқылы Көкшетау қаласының құрылғанынан бастап, бүгінгі күнге дейінге тарихымен танысады. Қаламыздың іргетасы қаланған күнге орай ұйымдастырылған фотокөрменің негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпаққа тарихымыз бен ұлттық рухани құндылықтарымызды насихаттау, олардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Мектептің ұстаздар ұжымы мен оқушылары үшін фотокөрме 25 сәуірден 29 сәуірге дейін жалғасады.