КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Директордың блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.10.2017 ж. Қазақстанның әр аймағынан жиналған 800-ден астам педагогтар Алматы қаласындағы Қабылдаулар үйінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» Халықаралық педагогикалық форумында бас қосты.

04.11.2017

26.10.2017 ж. Қазақстанның әр аймағынан жиналған 800-ден астам педагогтар  Алматы қаласындағы Қабылдаулар үйінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»  Халықаралық педагогикалық форумында  бас қосты.

 Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен  үстіміздегі жылы өзінің  20 жылдығын атап өтіп  отырған «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім  беру  және  сауықтыру орталығы. Форумның салтанатты ашылу рәсімінде  Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы, «Өзін-өзі тану»

рухани-адамгершілік білім бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева құттықтау сөз сөйлеп, «Бөбек» Ұлттық Орталығының қызметкерлерін  және форумға  қатысушыларды осы айтулы  мерекемен  құттықтады. Сара

Алпысқызы жас қазақстандықтарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу ісіне сүбелі  үлес қосқан ғалымдарға, әдіскерлер мен педагогтарға үлкен алғыс сезімін білдірді.

Форумда жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген ізгілікті  педагогика және  білім беру ісіне еңбек сіңірген қазақстандық және шетелдік педагогтар мен ғалымдар, атап айтқанда   Шалва Александрович Амонашвили (Ресей), Марианна Мейер (Германия), Джафар Маллаев (Ресей), Дерижан Ицкa (Болгария), Галина Новикова (Ресей) және т.б.сөз сөйледі. Бұл  ғалымдардың айтқан  ойларын форумның «Өзін-өзі тану – тұрақты  өзгеріп  отырған әлем жағдайында адамның толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жан-жақты мүмкіндіктер туғызатын  болашақтың білім  беру моделінің негізі» деген  тұжырымдық идеясы біріктірді.

Форумның  құрметті  қонақтары  ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі төрағасының орынбасары Гульмира Исимбаева,   Білім және  ғылым  министрі Ерлан Сағадиев, Алматы қаласының әкімі  Бауыржан

Байбек, «Нұрсұлтан Назарбаев Білім  қоры» қоғамдық  қорының директоры Динара Кулибаева, білім беру жүйесінің басшылары, жоғары  оқу орындарының ректорлары қатысты.

Сара Алпысқызының қызметіне берілген халықаралық  жоғары бағаның дәлелі  ретінде бағдарлама авторына БҰҰ (ЮНИСЕФ)  Қазақстандағы Балалар қорының атынан Қордың өкілі Юрий Оксамитный «Қазақстан балаларын қорғауға  қосқан үлесі  үшін» марапатын тапсырды.

27 және 28 қазан күндері «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»  Халықаралық педагогикалық форумы өз жұмысын «Бөбек» орталығының алаңшасында жалғастырды.

Ізгілікті педагогиканың мектептегі,  балабақшадағы тәжірибесі, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім берудің интеграциясы,  мұғалімнің шығармашылығы,  рухани  өзін-өзі  жетілдірудің жолдары, ата-ана рөлін ұғыну, риясыз  қызмет ету – міне  осы сұрақтар ғалымдардың, педагогтар мен «Өзін-өзі тану» бағдарламасы  тренерлерінің

басты назарында  болды. Форумның құрметті  қонақтары Шалва және Паата Амонашвили, Марианна Мейер, Петра фон Калиновски, Арт Онг Джумсаи, Джафар Маллаев, Ангелина Могилевская, Эльхан Бейларов, Клара Мансурова

өткізген шеберлік сыныптары мен семинарлары форумға қатысушылардың, гимназия  оқушылары мен «Өзін-өзі тану»  колледжі студенттерінің үлкен қызығушылығын туғызып, үлкен әсер қалдырды. Шалва Александрович Амонашвили балалар мен педагогтарға «Математика – сандар симфониясы» және «Сөздер – сыйлықтар» деген керемет екі сабақ сыйлады. Клара Шарафовна Мансурова мұғалімдер  және студенттермен  кездесулер  барысында отбасының  шынайы құндылықтары жөнінде  айтып, ата-ананың  өз рөлін   ұғынуының мәні мен маңызын  түсіндірді.  Ангелина Могилевская «Психологтің, мұғалімнің, тренердің  өзін-өзі  бағалауын қалай көтеруге  болады?» тақырыбында психологтік-педагогтік тренинг өткізді. Доктор Джумсаи  Таиландтағы  жалпыадамзаттық  құндылықтар мектебінің тәжірибесімен  бөлісті, кез келген  оқу  пәні арқылы балалардың  бойында мәдениет пен руханилықты, сонымен қатар қоғамға  қызмет етуге ұмтылысты тәрбиелеуге болатындығын  нақты  мысалдар арқылы көрсетті. Форумға қатысушылар ізгілікті  педагогика шеберлерінің осындай «шоқжұлдызының» бай тәжірибесі, олардың өз дана ойларымен, тәжірибесімен  бөлісуге  даяр болуы, шетелдік ғалымдардың біздің елімізге деген құрметі мен ризашылығы қазақстандық  педагогтардың алғыс сезімін тудырып, жасампаздық пен шығармашылыққа  шабыттандыратынын  атап өтті.

Көкшетау қаласының атынан форумына қатысушы ретінде №2 ОМЛ және пилоттық білім ұйымының басшысы

Абдыкасымова Гульнара Жантыновна және бастауыш сынып мұғалімі Доспааева Гульмира Нурлыбековна қатысты.

Просмотров: 548


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст