Кездейсоқ жеңіс болмайды
2017 жылғы қазан айының 14-і Астана қаласында Мұғалімдер күніне орай «Білім берудегі көшбасшы – 2017» ТОР-100 ІІ ұлттық Жүлдемен марапаттаудың салтанаты өтті. «Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдарының
Халықаралық Академиясы» Қоғамдық Қорының рейтингі нәтижесі бойынша өскелең ұрпақтың білімі, ғылымы және тәрбиесі саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының 100 оқу орындары іріктелді
Іс-шара ұйымдастырушылары: «ЭИ және ПҒХА» ҚҚ төрағасы к.ю.н. Туремуратов Т.М., «ЭИ және ПҒХА» ҚҚ жанындағы «ЖАС ҰРПАҚ» орталығының жетекшісі Ербалюкова Г.Г., Ы.Алтынсарин ат. Қазақстан Республикасының білім қызметкерлерінің Қауымдастығы, төрағасы Нурманалиев Н.Э.
Марапаттау салтанатына Қазақстанның барлық аймақтарынан мектеп өкілдері қатысты. Көкшетау қаласынан екі орта білім беру мекемесі қатысты - №2 ОМЛ және №8 ОМ. Салтанатқа қатысқан барлық ұстаздар Д.Қонаев, Қ.Сәтпаев атындағы ордендермен, Ы.САлтынсарин атындағы медальдармен марапатталды, мектеп ұжымдары қабырға белгілерімен және «Білім берудегі көшбасшы – 2017» сертификатына ие болды, одан басқа мектеп директорлары
Ы.Алтынсарин ат. Қазақстан Республикасының білім қызметкерлерінің Қауымдастығынан алғыс хаттар алды.
Кездесудің ресми бөлігі Астана қаласының № 58 ОМ-гимназиясында өтті. Кездесу барысында Қазақстанның барлық жерінен келген мұғалімдер делегациясы Олжас Сулейменов, Ғани Қасымов сияқты құрметті қонақтардың, белгілі қоғам қайраткерлерінің, «Әдеби альянс» Қоғамдық Қорының негізін қалаушы –Әуелбек Тоқжановтың сөздерін тыңдады, және О.Сулейменовтың қолтаңбасы бар кітаптар алды.
Бұл іс-шараға біздің ұжымның қатысуы кездейсоқтық емес.
№2 орта мектеп-лицей 2016-2017 оқу жылы бойы ЭИ және ПҒХА («Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдарының Халықаралық Академиясы»)4 іс-шарасына қатысты. Үш оқушы Астана қаласында 2017 жылғы наурыз айының 11-інде өткен «Замануи әлемдегі өзекті ғылыми зерттеулер» атты XXXVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында жеңімпаз атанды. Конференция ұйымдастырушылары - «Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдарының Халықаралық Академиясы» ҚҚ, SIENA Университеті (Италия), Педагогикалық Дамудың Орталығы, SAN WARSAWA (Қоғамдық Ғылым Академиясы, Общественная Академия Наук, Варшава қ.,
Польша Республикасы). Он бірінші сынып оқушылары Марк Ли және Нургуль Беркинбай әлеуметтану (жетекшісі – Гульнара Абдыкасымова) және Қазақстан тарихы (жетекшісі – Алия Купеева) бойынша жоба қорғады және І дәрежелі дипломға иеленді. Ал 10 сынып оқушысы Айдана Жанайдарова өлкетану бойынша жоба қорғады (жетекшісі – Сабила Садвакасова) және ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Конференция туралы ережеге сәйкес ең жақсы жоба
жетекшісі – Гульнара Абдыкасымова, №2 ОМЛ директоры және мұғалімі Абай Құнанбайұлы атындағы медальмен марапатталды.
2017 жылғы сәуір айында бастауыш сынып мұғалімі Гульмира Доспаева Түркістан қаласында өткен педагогикалық шеберліктің республикалық форумына қатысып "Жас маман өз ісінің шебері" номинациясы бойынша 2 орынға иеленді және Қазақстан мектептерінің арасындағы презентациялар қорытындысы бойынша «Ең жақсы педагогикалық ұжым – 2017» дипломы мен кубок әкелді.
2017 жылғы маусым айында Гульнара Абдыкасымова, математика мұғалімі Республикалық ҒПК ЭИ және ПҒХА және оның математиканы оқыту әдістемесіне арналған мақаласы «Мақсат» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік
журналының "Қазақстан Республикасының ұлағатты ұстазы" рубрикасында және осы конференцияның қорытындысы бойынша ол СҒПК жеңімпазы және үздік мақаланың авторы ретінде Дінмұхаммед Қонаев атындағы орденмен марапатталды.
№2 ОМЛ қатысуымен өткен ЭИ және ПҒХА төртінші іс-шарасы – «Қазақстан Республикасының Мақтанышы» медалдерімен және «Жылдың (Үздік оқушысы» дипломымен марапатталуы. Сол оқушылардың бірі Есмаганбет Дошан – Москва қаласындағы робототехника бойынша Халықаралық байқаудың жүлдегері (2017ж. сәуір)
Одан басқа республикалық қоғамдық комиссия өткен оқу жылы бойынша мектеп-лицейдің басқа да жетістіктерін
ескерді. 2017 жылдың 51 түлектің 33-і Қазақстан, Ресей, Қытай ЖОО-ның білім гранттарына ие болды. ҰБТ бойынша орташа ұпай қаланың орташа көрсеткішінен жоғары болды, ҰБТ тапсырған барлық түлектер 50 ұпай жинай алды.
Мектеп-лицей ұздік ғаламтор ресурс облыстық байқауында 1 орын алды, жыл сайын баскетбол және футбол бойынша турнирларда жүлделі орындарға ие болады. Пән мұғалімдері арасындағы қалалық және облыстық
олимпиадалардың жеңімпаздары атанады (математик Ботагоз Мазбаева және т.б.).
Оқушылар мен мұғалімдердің есебінде басқа да ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыстар аз емес.