Көкшетау қаласындағы №2 ОМЛ 2017 жылы 28қыркүйек күні Қарттар күніне және Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтілді.
Мерекелік іс-шараға арнайы педагогикалық зейнеткерлер шақыртылып, оларға мектеп ұжымы ыстық лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарын тарту етті. Мектеп басшысы Абдыкасымова Г.Ж. және кәсіподақ ұйымының торайымы Даньярова С.К. қала әкімі Маржикпаев Е.Б. ,«Нұр Отан» партиясы, мектеп атынан мұғалімдерге мадақтамалар табыс етті.Мерекелік іс-шарада Қазақстанның облыстық комитетінің коммунистік халық партиясының бірінші хатшысы Мажитов Б.Д, ата-аналар комитетінің төрайымы Закирьянов Е.Ж. мұғалімдерге ыстық лебіздерін білдірді.
Аталған мерекеде бірінші еңбек жолын бастап жатқан 5 жас маманды құрметпен қарсы алды, оларды мектеп-лицейінің зейнеткерлер төрайымы Ахметзянова М.Н. және педагогикалық еңбегінің ардагерлері Шаймурат Айтмухан, Косарева Л.А., Лобова Л.В.,Светличная Т.В. құттықтады.
Мерекелік іс-шараны концертпен аяқтап, ардагерлерге мерекелік дастарқан ұсынылды.