Текст
2017 жылдың 5 маусымында Көкшетау қаласының №2 ОМЛ Жазғы тілдік мектептің салтанатты ашылуы өтті, оның мақсаты шет тілдерін меңгерудегі мотивациясын арттыруы.
Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Мектеп директоры Г.Ж. Абдыкасымова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25-жыл- айтулы оқиға мен барлық қатысушыларды құттықтап, салтанатты шараны ашты.
Іс-шара барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері қызықты викториналар, сайыстар, ойындар өткізіп, балаларға жағымды эмоция алуға мүмкіндік берді. Ең белсенді балаларды грамотамен марапаттады. Мереке жоғары дәрежеде өтті.
Жазғы тіл мектебіне қош келдіңіздер!