Жақында 45 жылдық мерейтойын атап өткен №2 Көкшетау әскери-даңқ мектеп мұражайы бүгін маңызды экспонаттармен толықты. Музей мен мектеп кітапханасына сыйлық ретінде Ақмола облысының мемлекеттік архивінің директоры, мектебіміздің түлегі Батырханов Т.Б. Ұлы Отан соғысының батырлары, біздің жерлестеріміз туралы өте құнды кітаптар - материалдар жинақтарын тапсырды. Басылымдар мұрағат құжаттары негізінде шығарылды және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған. Мемлекеттік мұрағатқа және кітап авторларына үлкен рахмет!