Ұйымдар тізімі
Болашаққа қадам: мамандықтармен танысу
«Адал азамат» бағдарламасын және «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру аясында 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру және жұмысшы мамандықтармен танысу мақсатында Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжіне барды.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің тарихымен, білім беру бағдарламаларымен және даярлау бағыттарымен танысты. Оқу орнының өкілдері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, оқуға түсу шарттары, оқу үдерісін ұйымдастыру және өндірістік тәжірибеден өту туралы жан-жақты ақпарат берді. Түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері мен мансаптық өсу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Оқушылар оқу кабинеттерін, шеберханалар мен зертханаларды аралап, заманауи құрал-жабдықтармен танысты және практикалық дайындықтың элементтерін көрді. Сонымен қатар, олар колледж оқытушылары мен студенттеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Аталған іс-шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбекке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.






«Ғылым айы» бағдарламасы аясында...