директордың орынбасары Оспанованың А.К. мақаласы

Оспанова А. К.

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ақмола облысы Көкшетау қаласының

«№2 орта мектеп-лицейі» КММ

 

Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер.

                                                                                           (Ыбырай Алтынсарин)

         Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа- адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезеңінен басталуы керек.  Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған.

        Қазақ халқының ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыруда кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.

        Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез-келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, ел мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.

       Көкшетау қаласының № 2 орта мектеп-лицейінде «Туған жер» бағдарламасы сәтті бастама алып, даңқты жерлестердің өмірбаянымен танысып, көрікті, киелі жерлерге бару дәстүрге айналды.

       Соңғы жылдары өскелең ұрпақтың патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік  қасиеттерін арттыру мақсатында орасан зор жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шәкірттерімізге ата-бабаларымыздың  ұрпаққа  қалдырған өсиетін, өнегесін, тәуелсіздікті ерте  кезден аңсап, соның жолында күресіп, аманат етіп қалдырды. Сондықтан, болашақ ұрпақ рухани байлығымызды, өз жерімізді, тілімізді, дінімізді тану, білу мақсатында, қазақ хандығының 550 жылдығына кәсіподақ ұйымының қолдауымен Щучинск-Бурабай курорт аймағына саяхатқа шықты. Кенесары ханның үңгіріне 10 шақырымдық  сапар шектік және Абылай ханның алаңына,  мұғалімдер мен оқушылар тобы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында  болды.  Автосаяхат барысында Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалды кешеніне, Айғанымның үйіне, Сырымбет ауылындағы  Ш.Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық мұражайына бардық. Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы бүгінгі күні де қоғамдық өмірдің қырларының көнерген қалдықтарына аяусыз және дәл тиетін қауіпті қару болу қасиетінен айырылған жоқ. Мұражай жиынтығындағы қызықты экспонат Шоқанның әжесі - Сырымбеттегі  Айғаным ханшаның үйі. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында салынған бұл ата-баба баспанасында Шоқан балалық шағын өткізді.

         Бұның бәрі балалар мен үлкендердің тамсануымен қызығушылығын тудырған бұрынғы әлемге бас сұғуға мүмкіндік туғызды. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы  мәні зор, маңызды  бағыт. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Осы мақсатта, Солтүстік Қазақстан облысы Құлсары әулие мемориалына, Бурабай аймағында  орналасқан «Ботай-Бурабай» бірегей ашық аспан астындағы мұражайға саяхаттар ұйымдастырылды. «Қазақстанның қасиетті географиясы» бағдарламасына байланысты Тараз қаласы, атап айтсақ,олар: Айша-бибі, Тектұрмас әулие, Қарахан кесенесіне, сондай-ақ, «Алжир» мұражай-мемориалдық кешеніне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мұражайына, «Астана-Бәйтерек» монументіне, Хазірет Сұлтан мешітін аралаумен республикамыздың астанасына бір күндік экскурсия ұйымдастырылды.

      Жыл сайын мектеп оқушылары өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша ғылыми жобалар жазады, облыс және республикалық ғылыми байқаулардың жүлдегерлері атанады. Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай «Кемел» өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткізілген мектеп оқушылары арасында «Абай-дара, Абай –дана  әлемде» атты республикалық мәнерлеп оқу сайысында,  10 сынып  оқушысы  Жакимова Гауһар  1 дәрежелі  дипломның иегері атанды. «Көкжиек» Республикалық білімдер сайты  ұйымдастырған шығармашылық байқауында ерекше көзге түскен оқушылар:Татембаев Адильхан, Найзабек  Айханым, Бакитова  Амина марапатталды. Сонымен қатар, «Халық жадының жалынында»: «Абай жолы» - әлемдік өнерге қосқан үлкен үлес» («Кітап оқып, рухани бай бол!»республикалық байқауының аясында ) қалалық конференцияға қатысқаны үшін Нуралиев Елнұр 3 номинация  бойынша «Әдеби материалды меңгеру, Шешендік шеберлік» танытқаны үшін марапатталды.

         Көрнекті  педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне,  білімге деген құштарлығын оята білген ұстаздарымыз: Дильдабаева Эльмира  Абдикеримовна, Курманова Камар Нурмухамбетқызы.  Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының 75жылдығына және мектеп-лицейіміздің «Әскери-даңқ» музейінің 45 жылдығына орай 700000 мыңға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылды. Мектепішілік музейде шәкірттерімізді «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау рәсәмі және ұстаздарды да  салтанатты түрде  марапаттау  өткізіледі. Дәстүрге айналған  бастауыш сынып оқушыларын арасында  жыл сайын экскурсия ұйымдастырылып, «Әскери Даңқ» музейінің  тарихымен, жәдігерлерімен, деректі құжаттармен, қаһарман батырлардың ерлігі туралы айтылады.

     Тәрбие саласындағы басты мақсатымыз-рухани-адамгершілігі терең ұрпақ тәрбиелеу болса, оған апарар жол баланың өзін-өзі тануына, қабілетін ашуына баулу. Өзін-өзі тану арқылы өзгені, тануға жол ашып, өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Біздің мектеп-лицейіміз  «Өзін-өзі» пәні бойынша пилоттық  мектептер қатарында. «Өзін-өзі тану» пәнінде оқушы өзін-өзі тану ғана емес, ол рухани білім мен таным мәдениетін, қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты, адамгершілік қатынастар мен мінез-құлықтарды және өзін-өзі меңгеру әдебін үйренеді.  Мектеп жасынан  бастап,  балалар адамгершілік құндылық бағдарын, қарым-қатынас мәдениетін, өз Отаны мен туған өлкесіне, Мемлекеттік рәміздерге сүйіспеншілікпен қарауға, отбасы, түрлі ұлт тілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Баланың танып-білуге қызығушылығын арттырады. Сабақ барысында мектепке дейінгі кезеңде балаларға ертегі, аңыз-әңгімелер, мақалдар арқылы мейірімділікке, қайырымды болуға жалпы адамзаттық құндылықтардың бастапқы түсініктері беріледі. Түрлі ойын тәсілдері қолданылады.  Ал бастауыш сыныптардан бастап, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бағдарламалық мазмұны мен әдістемелік әдіс-тәсілдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, танымдық іс-әрекеттеріне қарай күрделене береді. Бастауыш сынып оқушылары сабақта мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселеді. Оқу үрдісінде ойын әрекеттері, әңгімелесу, сергіту жаттығулары, рольдік ойындар, шығармашылық- практикалық жұмыстар, жағдаяттарды талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар өз мінез-құлықтары  мен қоршаған орта, адамдардың қылықтары мен әдеттері туралы, өз бойындағы жақсы үлгілерді жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Сабақтағы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы берілген біліммен, талданған тақырып, дәйексөздер баланың өз басында жауапкершілік сезімін және өзіне-өзі талап қоя білуді, үлкендерді сыйлауға, әдептілікке, қоршаған ортаны түсінуге, қамқор болуға үйренеді.